$ 499.51  525.83  4.62
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«50 млн теңге бопсалаған»: журналист Тоқберген Әбиевтің не үшін ұсталғаны белгілі болды

Ол соттың санкциясымен 2 ай мерзімге қамауға алынды

«50 млн теңге бопсалаған»: журналист Тоқберген Әбиевтің не үшін ұсталғаны белгілі болды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет журналист Тоқберген Әбиевті кәсіпкерден 50 миллион теңге бопсалағаны үшін ұстады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің ақпаратынша, ол бұқаралық ақпарат құралдарында жалған мәліметтерді тарату және өзінің Youtube-арнасында шындыққа сәйкес келмейтін бейнежазбаларды жою үшін кәсіпкерден аса ірі мөлшерде ақша бопсалаған.

 «Әбиев мемлекеттік органдар қызметкерлері мен азаматтарды адастыру мақсатында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Департаменті» ЖШС жеке заңды тұлғасын тіркегені анықталды. Аталған ұйымның басшысы болып көрініп, сол арқылы билік өкілінің бейнесін жасай отырып, Әбиев кәсіпкерлер мен мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарынан өзінің жеке мүддесі үшін іс-әрекеттер жасауды, сондай-ақ заңда белгіленген тәртіпті бұза отырып ақпарат пен материалдар беруді талап етті. Абиев тек өзіне-өзі қызмет ету себептерін көздей отырып, ақшалай сыйақылар үшін жеке тұлғаларға өз ұйымы қызметкерінің қызметтік куәліктерін беріп, оларды билік өкілінің мәртебесі туралы жаңылыстырды», - деді ведомствоның баспасөз қызметі.

Шындығында Әбиев құқық қорғау органдарының жұмысымен ешқандай байланысы болмаған. Әбиевтің осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы туралы ақпарат тексеріледі.

«Әбиевтің заңсыз қызметінің осындай фактілері туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке 1424 нөмірі бойынша хабарласуыңызды сұраймыз. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды», -делінген хабарламада.

Еске салайық, Әбиев 50 миллион теңгемен өткен жылдың 14 желтоқсанында ұсталып, сот санкциясымен 2 ай мерзімге қамауға алынды.

Серіктес жаңалықтары