Шұғыл«Тауық пен сиырдың айырмашылығын білмейді» – Нұрлан Нығматулин Экология министріне ауылға баруға кеңес берді

Алматыда көпқабатты тұрғын үйден өрт шықты

Оқиға 3 ықшамауданында түнгі сағат 00:39 шамасында болған 

Алматыда көпқабатты тұрғын үйден өрт шығып, 40 адам эвакуацияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

Түн ортасында тұтанған өрттен зардап шеккен екі адам дәрігерлердің көмегіне жүгінген. Құтқарушылар тұрғындарды эвакуациялаған соң, жоғарғы қабатта 10 жастағы баланың  қалып қойғанын естіген. Төртінші қабатқа иінді баспалдақпен көтерілген құтқарушылар бала мен оның әкесін де алып шыққан.  

 «Түнгі сағат 00:39-да ТЖ Департаменінің өрт сөндіру бөліміне 3 ықшамаудандағы 39 Б үйден өрт шыққаны жайлы хабарлама түсті. Құтқарушылар оқиға орнына 10 минуттан соң жетіп, құтқару жұмыстары ұйымдастырылды. Өрт шыққан үйдің 1955 және 1997 жылы туған екі адамы медициналық көмекке көмекке жүгінді. Көпқабатты үйден 40 адам эвакуацияланды, оның ішінде 10-ы бала. Өрт 01:15 минутта сөндірілді»,-деп хабарлады Алматы қаласы ТЖД баспасөз қызметі.

Өрт сөндіруге ТЖ Департаментінен бірлік техника мен 18 қызметкер, Әуезов ауданының полиция басқармасынан 4 қызметкер мен 2 бірлік техника жұмылдырылған.

Тегтер: