Ақтөбеде әйел адам үстіне қоқыс контейнері үстіне құлап мерт болды
Контейнерді тиеп жатқанда «КамАЗ» көлігінің көтергіш механизмі істен шығып, жұмыскердің үстіне құлаған
Ақтөбеде қоқыс контейнері үстіне құлап кеткен әйел адам көз жұмды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, қайғылы оқиға 1 қаңтарда болған.
«102» телефонына «103» операторынан Сәңкібай батыр даңғылындағы үйдің ауласында адамға қоқыс жәшігі құлап кеткені туралы хабарлама келіп түсті. Жедел-тергеу тобы контейнерді тиеу кезінде «КамАЗ» көлігінің көтергіш механизмі бұзылып, металл қоқыс контейнері ЖШС-нің 38 жастағы қоқыс жинау қызметкеріне құлағанын анықтады. Бірнеше сағаттан кейін әйел алған жарақаттарынан қаланың Көпсалалы облыстық ауруханасында қайтыс болды», - делінген хабарламада.
Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 156-бабы 3-бөлігімен «Еңбекті қорғау ережелерін бұзу» сотқа дейінгі тергеу басталды.