$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
24.02.2020, 23:15
Оқиғалар

Ауғанстанда, Бахрейнде және Кувейтте коронавирус жұқтырғандар тіркелді

Аса қауіпті вирус Парсы шығанағына да жетті 

Ауғанстанда, Бахрейнде және Кувейтте коронавирус жұқтырғандар тіркелді
Фото: aa.com.tr

Бахрейнде де ауру жұқтырған алғашқы адам анықталды. Араб азаматы вирусты Қытайдан емес, өзі жақында ғана оралған Ираннан жұқтырған болып шықты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі rg.ru сайтына сілтеме жасап.

Коронавирусқа тән белгілермен ауруханаға түскен науқас тәжірибелі дәрігерлердің бақылауымен дереу оқшауландырылып, емдеуге жатқызылды. Дәрігерлер сонымен қатар, науқаспен қарым-қатынаста болғандардың бәрін бақылауға алды.

Ауғанстандағы коронавирус жұқтыру оқиғасы елдің солтүстік-батысындағы Герат провинциясының аумағында тіркелді. 

Ал Кувейт үш бірдей ауру жұқтыру оқиғасы тіркелген Иранмен әуе хабарламасын тоқтатты. 21 мен 61 жас аралығындағы үш ер адам Мешхедке – Ислам республикасының солтүстік-шығысындағы туристер мен қажылыққа келушілерге кеңінен танымал қалаға барып келген екен.  Алдын ала болжам бойынша науқастардың бірі Кувейт тұрғыны емес көрінеді, алайда ол да карантинге жатқызылды. 

Серіктес жаңалықтары