ШұғылҚазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны күрт өсті

Италияда коронавирус жұқтырғандар саны 79 адамға жетті

Ауру жұқтырғандардың 18-і жансақтау бөлімінде жатыр

Фото: Xinhua/GlobalLookPress

Италия үкіметі коронавирустың жаңа түрін жұқтырған 18 адамның жансақтау бөлімінде жатқанын мәлімдеді. Бүкіл ел бойынша вирус жұқтырғандар саны 79 адамға жетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.  

«Вирус жұқтыру оқиғалары елдің бес облысында тіркелді: 54-і Ломбардияда, 17-сі Венетода, екеуі Эмилия-Романьяда, екеуі Лациода (Рим маңында, бұлар қытайлық туристер) және біреуі Пьемонт аймағында анықталды», – деді Италия Азаматтық қорғаныс департаментінің басшысы Анджело Боррелли.

Ол сондай-ақ, 79 адамның 51-і ауруханада, 18-інің ауыр халде, ал қалғандары өз үйінде оқшауланып жатқанын атап өтті.

Айта кетсек, Италияда коронавирустың жаңа түрімен ауырған адамдардың екеуі бақилық болған еді. Марқұмдардың біреуі 78 жастағы ер адам болса, екіншісі әйел адам болған.