ШұғылӨткен аптада Қазақстанда коронавирустан 28 адам қайтыс болды

Қызылордада «Гарант 24» ломбардына қатысты қылмыстық іс қозғалды

Бүгінде 70-тен аса тұрғын ломбард жұмысына қатысы полицияға шағымданған

Қызылорда облысы Полиция департаментінің Тергеу басқармасы «Гарант 24 Ломбардының» қылмыстық әрекеттеріне қатысты зардап шеккендерді іздестіруде, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазіргі таңда Қызылорда облысы Полиция департаментінің Тергеу басқармасы Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 217-бабының 2-бөлігі бойынша (қаржылық-инвестициялық пирамида құру және оған басшылық ету) қаржылық пирамиданы құру дерегімен қылмыстық істі тергеу үстінде.

Бүгінгі күні 70-тен аса тұрғын полицияға шағымданған, келтірілген материалдық шығын көлемі есептелуде.

«Қазіргі таңда қылмыстық іс бойынша жедел-тергеу тобы құрылып, әрбір арыз бойынша жан-жақты тексеру жұмыстары жүргізілетін болады. Қала тұрғындарынан сабырлық сақтауды сұраймыз. Егер Сіз де «Гарант 24 Ломбард» ЖШС-нің қылмыстық әрекеттерінен зардап шеккен болсаңыз,  өзіңізді жәбірленуші және азаматтық талапкер ретінде тану үшін Қызылорда қаласы Қорқыт ата көшесі, №18 мекенжайы бойынша облыстық полиция департаментіне келуіңізді немесе 29-50-46, 29-50-25, 29-75-20 телефон нөмірлеріне хабаруыңызды сұраймыз», – дейді ПД өкілдері тұрғындарға.