19.12.2022, 10:57
Оқиғалар
Атырау облысында жоғалып кеткен жігіттің денесі зираттан табылды
24 жастағы тұрғын 20 қарашада үйінен шығып кетіп, сол күйі оралмаған болатын
Фото: azh.kz
Атырау облысында із-түзсіз жоғалып кеткен жігіттің денесі табылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, Қызылқоға ауданының 24 жастағы тұрғыны 20 қарашада таңғы сағат 5.00 шамасында үйінен шығып кетіп, сол күйі оралмаған.
«Ақ Жайық» басылымының жазуынша, жас жігітті іздеуге ТЖД және полицияның үлкен күштері, кейіннен «ҚазАвиаҚұтқарус» АҚ тікұшағы жұмылдырылған болатын, алайда еш нәтиже бермегендіктен, іздеу жұмыстары қысқартылған еді.
Белгілі болғандай, жігіттің денесін 16 желтоқсанда Қаракөл ауылынан 22 шақырым жердегі Өмірәлі қыстағы маңындағы бейіт арасынан малын іздеп жүрген бақташы тауып алған.
Көп оқылған
25.09.2026, 09:28
252 адам, 37 сүңгуір, 14 кеме мен 4 тікұшақ: Каспий түбіне кеткен екі сарбаз әлі табылған жоқ (ФОТО)
25.09.2026, 16:16
«Ұлым жағаға өзі жүзіп шыққан»: Каспийде тірі қалған тағы бір сарбаздың анасы сұхбат берді
25.09.2026, 10:39
Каспий теңізіндегі әскерилердің қазасы: соңғы екі сарбаздың мәйіті табылды (ВИДЕО)
25.09.2026, 11:52
Алматы тауларына қыркүйекте қар жауды (ВИДЕО)