15.12.2022, 14:15
Оқиғалар
Жаңаөзенде Ұлттық ұлан сарбазының асылып қалған денесі табылды
Марқұм Ұлттық ұлан қатарында 2021 жылдан бері қызмет еткен
Фото: tengrinews.kz
Жаңаөзендегі 5548 әскери бөлімінің жатақханасында 19 жастағы әскери қызметшінің денесін әріптесі тауып алған. Бұл туралы Ақтау гарнизоны әскери прокуроры Ерлан Құтқожа мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy агенттігі Lada.kz сайтына сілтеме жасап.
«Марқұм 2021 жылдан бері Ұлттық ұлан қатарында қызмет етті. Ол Ақтөбе облысынан келген. Келісімшарт бойынша сапёр-маман болып қызмет атқарған. Үйленбеген. Қайғылы оқиға туралы туыстарына хабарланды. Қазір барлық жағдайды нақтылап жатырмыз. Қайғылы жағдай бәріміздің қабырғамызды қайыстырды», - деді Е. Құтқожа.
Еске салайық, биыл жазда Ұлттық ұланның Степногорскі мен Ақтаудағы екі әскери қызметкері асылып қалған болатын.
Көп оқылған
09.11.2026, 10:31
«Ит үреді, керуен көшеді»: туған қызын ернінен сүйді деген ер адам ел алдына шықты (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды