Жамбыл облысында әскери қызметкер көшедегі бейтаныс адамдарды соққыға жыққан

Azattyq Rýhy

Тараз гарнизоны қызметтік тексеру жүргізіліп жатқанын мәлімдеді

Жамбыл облысында әскери қызметкер көшедегі бейтаныс адамдарды соққыға жыққан
Видеодан кадр

Әлеуметтік желілерде Жамбыл облысында жас сарбаздың көшеде бірнеше адамды ұрып-соғып, одан кейін бейтаныс біреудің үйіне кіріп, әйелді ұрғаны туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy агенттігі. 

Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, 12 желтоқсанында Т. Рысқұлов аудандық полиция бөліміне әскери киімдегі белгісіз ер адамның Құлан ауылындағы бірнеше үйге кіріп, тұрғындарға дене жарақатын келтіргені туралы хабарлама түскен.

«Анықталғандай, ер адам кешкі уақытта үй ауласында орналасқан дүкенге кіріп, 45 жастағы әйелді бет тұсына соққы келтірген. Содан соң осы көшеде орналасқан тағы екі пәтерге бөлек кіріп, алдынан шыққан 45 және 43 жастағы әйелдерді ұрып-соққан. Соңғы әйелдің үйіндегі жолдасы аталған ер адамды ұстап, полиция қызметкерлерін шақыртқан», - делінген хабарламада.

Шақырту бойынша шұғыл жеткен полиция қызметкерлерімен 22 жастағы әскери қызметші полиция бөліміне жеткізіліп, тиісті жедел іс-шаралар жүргізілді.

Аталған дерек бойынша Оңтүстік өңірлік әскери тергеу басқармасының Тараз қаласы бойынша департаментімен ҚР ҚК 149-бабы 2-бабымен сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.