$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
06.12.2022, 14:19
Оқиғалар

Қарағанды облысында ер адам сатушыға қарулы шабуыл жасап, дүкен тонап кеткен

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр

Қарағанды облысында ер адам сатушыға қарулы шабуыл жасап, дүкен тонап кеткен
Фото: news.ru

Қарағанды облысының полицейлері қарақшылық жасаған күдіктіні ұстады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy агенттігі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

2 желтоқсан күні түнгі сағат 23.00 шамасында Қарағанды облысы Осакаров аудандық полиция бөліміне ауданға қарасты ауылдардың бірінде қарақшылық фактісі болғаны туралы хабарлама түсті. Оқиға орынына бірден жедел-тергеу тобының қызметкерлері жіберілді.

Дүкенде белгісіз біреу 65 жастағы сатушыға шабуыл жасаған. Күдікті жәбірленушіні пышақ және балтамен қорқытып, дене жарақаттарын келтіріп, азық-түлік және 30 мың теңге ақша алып кеткен.

Полиция қызметкерлерімен қылмысты ашу бойынша жүргізілген кешенді жедел-іздестіру іс-шаралары барысында осы іске қатысы бар деген күдікпен “ізін суытпай” 29 жастағы күдікті ұсталды. Ол мойындау көрсетпе белгілерін беріп, айғақ заттар тәркіленді.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 192-бабына “Қарақшылық шабуыл” сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Серіктес жаңалықтары