$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Алматыда бір күнде 60-тан астам автобус жүргізушісі жол ережесін бұзды

4 қоғамдық көлік мамандандырылған айыппұл тұрағына орналастырылды

Алматыда бір күнде 60-тан астам автобус жүргізушісі жол ережесін бұзды
Фото: ашық дереккөзден

Алматы полициясы «Қоғамдық көлік» іс-шарасының бірінші күнінің қорытындысын шығарды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Өткен тәулікте қалада қоғамдық көлік жүргізушілері жасаған 61 жол ережесін бұзу дерегі анықталды.

Алматы қаласы Полиция департаментінің мәліметінше, 28 жүргізуші жолда телефонға телміріп отырған, 24-і маневр жасаған, үш автобустың шығарындылардағы ластаушы заттардың мөлшері бойынша нормативтен асқан, екеуі тиісті рұқсатсыз қайта жабдықталған. Сондай-ақ, араларында жолаушыларды, және жүктерді тасымалдау ережелерін бұзған, еңбек және демалыс режиміне бағынбаған, мемлекеттік немесе міндетті техникалық байқаудан өтпеген, қарсы жолаққа шыққандар да бар.

4 қоғамдық көлік мамандандырылған айыппұл тұрағына орналастырылды.

Серіктес жаңалықтары