19.02.2020, 23:56
Оқиғалар
Астанада автокөлік өртенді
Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ
Фото: баспасөз қызметінен
Елордада Республика даңғылында Audi маркалы автокөлік өртенді. Бұл туралы Төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.
Ведомство өкілдерінің хабарлауынша, 19 ақпан күні сағат 17:55-те Нұр-Сұлтан қаласы өрт сөндіру қызметінің пультіне Республика және Кенесары көшелерінің қиылысында автокөлік өртеніп жатқаны туралы хабарлама түскен.
«Өрт сөндірушілер оқиға орнына келгенде Audi маркалы автокөлік жанып жатқан. Жедел іс-қимыл арқылы өрт 18:06-да тоқтатылды.Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ», - деді ТЖК өкілдері.

Көп оқылған
11.10.2026, 08:37
Подъезде ұйықтап қалған: Ақтауда жасөспірімге қатысты тексеріс басталды
Бүгін, 09:31
Алматыда еңгезердей төрт еркек 60-тан асқан ер адамды өлтіріп, үйінен қара пакетпен алып шыққан (ВИДЕО)
11.10.2026, 06:18
«Ақша бопсалаған»: Алматыда екі жасөспірім қаза тапқан төбелеске қатысты сот өтіп жатыр
11.10.2026, 23:47
«Үш адам қаза тапты»: Қайрат Нұртастың концерті туралы жалған ақпарат таратқан әйел жазаланды
11.10.2026, 11:45
Шымкентте ТЖМ қызметкерлері 3 жасар баланы құтқарды