$ 538.57  629.48  6.71
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
19.02.2020, 16:44
Оқиғалар

Жолсерікті боқтап, полицейдің жағасынан алған бір топ жолаушы пойыздан түсірілді

Бұзақылық жасаған 9 жолаушының алкогольдік ішімдік ішкені анықталды

Жолсерікті боқтап, полицейдің жағасынан алған бір топ жолаушы пойыздан түсірілді
Көрнекі фото: ҚТЖ

Көлік полицейлері «Алматы- Қостанай» бағытындағы жолаушылар пойызында бұзақылық жасаған бір топ адамды ұстады. Бұл туралы Police.kz порталы хабарлайды.

18 ақпанда Нұр-Сұлтан станциясындағы Желілік полиция басқармасына «Алматы-Қостанай» бағытындағы жолаушылар пойызының 26 жастағы жолсерігі шағымданған. Оның айтуынша, аталған пойыздың жүру жолында 9 адамнан тұратын жолаушылар тобы алкогольдік ішімдік ішіп, дауыстап сөйлесіп, жолаушылардың тыныштығын бұзып, қоғамдық тәртіпті бұзған.  

«Құқық бұзған жолаушылар жолсеріктің ескертулеріне дөрекі жауап беріп, оның ар-намысы мен қадір-қасиетін қорлайтын балағат сөздер айтқан. Қатты қорыққан жолсерік әйел қызметтік купеге тығылып, пойыз бастығы мен полицейлерді шақыруға мәжбүр болған. Олар лауазымдық міндетін орындап жүрген көлік полицейлерінің де жағасына жармасып, билік өкілдеріне күш көрсеткен. Жолаушылар пойызы елордаға келгеннен кейін, құқық бұзушылар пойыздан түсіріліп, Нұр-Сұлтан станциясындағы желілік полицияның кезекші бөліміне жеткізілді. Аталған тұлғаларға қатысты тиісті хаттамалар толтырылды. Сот-медициналық сараптамасына сәйкес, ұсталған азаматтардың алкогольдік ішімдік ішкені анықталды», - делінген хабарламада.

Бұл оқиға Қылмыстық кодекстің 293 бабы, 2 бөлімі (билік өкiлiне қарсылық көрсетумен) бойынша қылмыстық құқық бұзушылық белгілерімен сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енген.

Серіктес жаңалықтары