17.11.2022, 10:44
Оқиғалар
Қарағанды облысында жүк пойызы рельстен шығып кетті
Оқиғадан зардап шеккендер жоқ
Фото: ашық дереккөзден
Қарағанды облысының «Қарағанды – Сұрыптау-Ақадыр» учаскесінің 767 «Қарабас – ОП» аралығында жүк пойызында 14 вагонның рельстен шығып кетті. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі хабарлағандай, учаскеде жүк және жолаушылар пойыздарының қозғалысы уақытша тоқтатылды. Алдын ала мәліметтер бойынша, жеке меншік иелеріне тиесілі вагондардың рельстен шығуы олардың ақаулығына байланысты.
Болған жағдайды тексеру үшін «ҚТЖ» ҰК» АҚ-да арнайы комиссия құрылды. Апат салдарын жою үшін Қарағанды, Жаңаарқа, Астана станцияларының үш қалпына келтіру пойызы тартылды.
Көп оқылған
29.09.2026, 13:55
Бес жасар қыз баланы балабақша қызметкері бірнеше рет зорлаған: іске президенттің қызы араласты (ВИДЕО)
29.09.2026, 14:25
«16 жеріне пышақ сұққан»: Астанада әйел адамның өлімінен кейін 4 экс-полицей ұсталды (ВИДЕО)
29.09.2026, 09:32
«Қалай болғанда да жетемін»: Қостанай облысында екі көлік бетпе-бет соғылып, бір адам көз жұмды
29.09.2026, 17:39
«Мен де аза тұтуым керек пе?»: блогер Ирина Антоненко қаралы күні эфирде билеп, былапыт сөздер айтты (ВИДЕО)
29.09.2026, 13:35
Астанада жүкті әйелдің егіз сәбиі шетінеп кетті