17.11.2022, 10:09
Оқиғалар
Алматы облысында әйел адам оқушыны қақты: жантүршігерлік кадр әлеуметтік желіде тарап кетті
12 жасар бала оқиға орнында қайтыс болды
Алматы облысы Шелек ауылында көлік тізгіндеген келіншек жаяу жүргіншілер өткелінде баланы қағып өлтірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Алматы облысының полиция департаменті 16 қараша күні сағат 14:00 шамасында 34 жастағы жүргізуші Honda avancier маркалы автокөлігін басқарып, Шелек ауылындағы Момышұлы көшесімен шығыс бағытта келе жатып, жаяу жүргіншілер өткелі бойынша кесіп өткен 12 жасар баланы қағып кеткенін хабарлады. Бала алған жарақаттарынан сол жерде қайтыс болды.
"Бұл факт ҚР ҚК 345-бабының 3-бөлігі бойынша Еңбекшіқазақ аудандық полиция басқармасының СДТБТ-да тіркелген. Барлық қажетті сараптамалар тағайындалды", - деп мәлімдеді құқық қорғау органдары.
Көп оқылған
29.09.2026, 13:55
Бес жасар қыз баланы балабақша қызметкері бірнеше рет зорлаған: іске президенттің қызы араласты (ВИДЕО)
29.09.2026, 14:25
«16 жеріне пышақ сұққан»: Астанада әйел адамның өлімінен кейін 4 экс-полицей ұсталды (ВИДЕО)
29.09.2026, 09:32
«Қалай болғанда да жетемін»: Қостанай облысында екі көлік бетпе-бет соғылып, бір адам көз жұмды
29.09.2026, 17:39
«Мен де аза тұтуым керек пе?»: блогер Ирина Антоненко қаралы күні эфирде билеп, былапыт сөздер айтты (ВИДЕО)
29.09.2026, 13:35
Астанада жүкті әйелдің егіз сәбиі шетінеп кетті