Ақтөбеде әйел адам көпірден секірмек болды

Azattyq Rýhy

Аталған факті бойынша тергеу жүргізіліп жатыр

Ақтөбеде әйел адам көпірден секірмек болды

Көлік полицейлері Ақтөбе теміржол станциясындағы өтпелі көпірден секірмекші болған әйелді құтқарды, деп хабарлайды Polisia.kz.

6 қараша күні сағат 13:25-те Ақтөбе теміржол станциясындағы көлік полициясына патрульдік полиция взводының полицейі қоңырау шалып, өтпелі көпірдің үстінде белгісіз бір әйел адамның секіруге ыңғайланып, өзіне қол жұмсағысы келіп тұрғандығы жайында хабарлаған.

Дереу оқиға орнына келген полиция қызметкерлері Әділет Құрманбаев пен Шыңғыс Қамбарбеков әйелмен сөйлесіп, оны мұндай әрекеттен бас тартуға көндірген. Көпірден аман-есен түсіріп алынған әйел полиция бөліміне жеткізіліп, оған алғашқы медициналық және моральдық-психологиялық көмек көрсетілді. Тексеру барысында аталған азаматшаның Ақтөбе қаласының тұрғыны екендігі анықталды.

Аталған факті бойынша тергеу жүргізілуде. Айта кету керек, көлік сақшылары жыл басынан бері көлік сақшылары темір жолда үш суицидтің алдын алды.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.