07.11.2022, 09:42
Оқиғалар
Петропавлда ірі апат болып, бірнеше аудан сусыз қалды
Құбырдың жарылу себебі анықталып жатыр
Фото: ашық дереккөзден
Петропавлда құбыр жарылып, бірнеше аудан тұрғындары сусыз қалды. Арнайы қызмет мамандары оқиға орнына жеткенше Абай, Интернационал және Жұмабаев көшелерін су басып қалды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy тілшісі.
«Қызылжар су» коммуналдық мекемесі баспасөз қызметінің мәліметінше Жұмабаев және Абай көшелерінің қиылысындағы учаскеде диаметрі 800 мм пластик су құбыры зақымданған. Апат салдары әлі де жойылып жатыр. Құбырдың жарылу себебі анықталып жатыр.
«Құбыр жарылған кезде қысым төмендеп кетті. Салдарынан басқа аудандарда орналасқан үйлерге де су бармай қалды. Тәулік ішінде апат салдарын жоямыз деп ойлаймын. Мамандар жұмыс істеп жатыр», - дейді «Қызылжар су» ЖШС бас инженерінің орынбасары Ербол Нәбиев.
Көп оқылған
16.08.2026, 06:21
Қостанайда жүзе алмаған әке қызын құтқармақ болып қаза тапты
16.08.2026, 16:06
17 тамыз күні ауа райы қандай болады
16.08.2026, 16:37
БҚО-дағы Ми-8 тікұшағының апатына қатысты іс сотқа жолданды
16.08.2026, 10:38
Астана – Щучинск тасжолындағы апат: жүргізуші жолда ұйықтап кеткен
16.08.2026, 15:06
Ақтөбе облысында бұзылған автобустан 14 жолаушы эвакуацияланды
16.08.2026, 08:47
Конгода Эболадан әр 30 минут сайын бір адам көз жұмады