04.11.2022, 12:47
Оқиғалар
Ақтөбеде баласын бөтен адамдарға қалдырып кеткен ата-анаға іздеу жарияланды
Бала шамамен 3-4 жаста, есімі Аңсар
Фото: ашық дереккөзден
Ақтөбе полицейлері баласын бөтен адамдарға қалдырып, сол күйі оралмаған ата-ананы іздестіріп жатыр, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Облыстық полиция департаменті хабардар еткендей, бала шамамен 3-4 жаста, есімі Аңсар.
«3 қарашада сағат 11.00 шамасында Ақтөбеде белгісіз әйел Нариманов көшесіндегі үй тұрғындарына баласын бірнеше минутқа қалдырып, дүкенге барып келем деп кетіп, кейін оралмаған», - делінген ПД хабарламасында.
Аталған мекенжайға жеткен ювеналды полиция қызметкерлері баланы Өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығына орналастырды.
«Егер сізде баланың туыстары туралы қандай да бір мәліметтер болса, 8-771-785-10-58 нөміріне немесе 102-ге хабарлауды сұраймыз», - делінген хабарламада.

Көп оқылған
10.10.2026, 08:29
«Куәгер болған»: Ақмола облысында дәрігер өз-өзіне қол жұмсады
10.10.2026, 20:17
Күніне 30–40 мың теңге таппақ болған жасөспірім 5 жылға сотталып кетті
10.10.2026, 15:12
Түркияда 15 жасқа дейінгі балалар енді әлеуметтік желі пайдалана алмайды
10.10.2026, 10:08
Қазақстанның жеті қаласында ауа сапасы нашарлайды
10.10.2026, 10:31
Президенттің «Таза Қазақстан» бастамасына 7 миллион адам қатысты