Соғыстан қашқан ресейлік тұрғынды Қырғызстанда өлтіріп кетті

Жедел уәкілдер көлікті тапқанымен, күдіктілер әлі күнге дейін қолға түспеді

Соғыстан қашқан ресейлік тұрғынды Қырғызстанда өлтіріп кетті

Қырғызстанда Ресей азаматын өлтірген күдіктілер табылмай жатыр, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.  

Қырғызстан ІІМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, Тоқтоғұл ауданының Уч-Терек ауылындағы арықтан зорлық-зомбылық белгілері бар ресейлік адамның денесі табылған.

Полиция қылмыстық кодекстің 122-бабы («Кісі өлтіру») бойынша іс қозғаған.

«Құқық қорғау органдары марқұмның жеке басын анықтады. 44 жастағы ресейлік азамат Д.К. өз елінде саяси жағдай қиындаған соң жуырда Ресейден кетіп қалған. Өз көлігімен ұзақ жол жүрген ол Ресейден шығарда қасына екі қырғызстандықты да жолаушы ретінде ала келген. 32 жастағы Тілек Жанбаев және 24 жастағы Аптандил уулу Марлен басты күдікті саналып отыр», - деп жазады Akipress.

Қырғызстанға келгенде ресейлік азамат өлтіріліп, көлігі ұрланған болып шықты. Жедел уәкілдер көлікті тапқанымен, күдіктілер әлі күнге дейін қолға түспеді.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.