31.10.2022, 15:17
Оқиғалар
Оралда екі көлік соқтығысып, бір адам қаза тапты
Қайғылы оқиға 30 қазанда болған
Фото: ашық дереккөзден
Оралда екі автокөлік соқтығысып, соның салдарынан бір адам қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
БҚО полиция департаментінің хабарлауынша, қайғылы оқиға 30 қазанға қараған түні қаладағы Назарбаев даңғылы бойындағы «Саяхат» аялдамасының маңында болған.
«Түнгі сағат 2.00 шамасында Hyundai Solaris жүргізушісі қарсы бағытқа шығып кетіп, Hyundai Grand Starex көлігімен соқтығысқан. Solaris көлігінің 1992 жылы туған жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды», - делінген хабарламада.
Қазіргі кезде 345-баптың 3-бөлігі бойынша абайсызда адам өліміне әкеп соққан жол қозғалысы ережелерін бұзуға қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Көп оқылған
29.03.2026, 17:48
Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды
29.03.2026, 16:53
Жетісу облысында қараусыз қалған екі жасар бала жол жиегінен табылды
29.03.2026, 17:26
Көкшетауда пәтерде қамалып қалған ер адам құтқарылды
29.03.2026, 23:11
Есік қаласындағы жаппай төбелес: полиция аспанға оқ атты (ВИДЕО)
29.03.2026, 16:13
Қазақстандық дзюдошылар Еуропа кубогында үш медаль еншіледі