$ 521.67  592.46  6.32
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
21.10.2022, 11:21
Оқиғалар

Таразда қаңтарда ұрланған қару-жарақ пен оқ-дәрі салынған сөмке табылды

Аталған дерекке қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды

Таразда қаңтарда ұрланған қару-жарақ пен оқ-дәрі салынған сөмке табылды

Таразда қару-жарақ пен оқ-дәрі салынған сөмке табылды, деп хабарлайды Polisia.kz.

19 қазанда Тараз қаласының ПБ криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында облыс орталығындағы өзен маңында жаппай тәртіпсіздіктер кезінде ұрланған қару-жарақ пен оқ-дәрілері бар қапты анықтады.

«Қаптан МР-133 және 20 калибрлі тегіс ұңғылы мылтықтар, PIETTA GHIBLY мылтығы, 9 мм калибрлі 30 патрон және шанышқы-пышақ тәркіленді», - делінген хабарламада.

Осы дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 287-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу басталды. Сот-баллистикалық сараптама тағайындалды.

Жамбыл облысының Полиция департаменті қарудың, оқ-дәрілердің, арнайы құралдардың орналасқан жері туралы хабарлаған немесе оны полицияға өз еркімен тапсырған адам, егер басқа құқық бұзушылықтарға қатысы болмаса, қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартылмайтынын еске салады. Анонимділікке кепілдік беріледі.

Серіктес жаңалықтары