$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
20.10.2022, 15:34
Оқиғалар

Кәсіпкер Мухоряпов қазақ тіліне қатысты мәлімдемесі үшін кешірім сұрады

Ол кей сөзінің «расымен дөрекі айтылғанын» мойындады

Кәсіпкер Мухоряпов қазақ тіліне қатысты мәлімдемесі үшін кешірім сұрады
Фото: ашық дереккөзден

Қазақ тіліне қатысты атышулы мәлімдемесінен кейін басы дауға қалған Chocofamily Holding басшысы Рамиль Мухоряпов Instagram желісінде қазақстандықтардан кешірім сұрауға мәжбүр болды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Кәсіпкер өз сөзінде бейнежазбаны қайта қарап шыққанын айтып, онда кей сөздің «расымен де дөрекі айтылғанын» мойындаған.

«Видеодағы сөздерге ренжіген барлық отандасымнан кешірім сұраймын. Менің ешкімді ренжіткім келмеген еді. Өзім Қазақстан азаматымын. Алматыда туып-өстім. Осы жерде компания аштық. Ол компанияда жұмыс істейтіндердің 99 пайызы – қазақстандықтар. Біз мұнда салық төлейміз», - деді Рамиль Мухоряпов.

Ол қазақ тілін дамытудың маңыздылығын жақсы түсінетінін айта келе, компанияда қазақ тілінде барлық өнімге қолдау көрсетілетініне сендіруге тырысты.

«Кей өтінімдер қазақ тіліне аударылған, кейбірі аударылып жатыр, мен бұл жұмысты жақын арада аяқтаймыз деп үміттенемін. Ал өз басым қазақ тілін аздап түсінемін, бірақ жақсы сөйлей алмаймын. Бұдан былай үйренүге тырысамын. Тағы да кешірім сұраймын», - деді Р. Мухоряпов.

Тақырыпқа орай: «Қазақ тілінде жауап беру – мәдениетсіздік»: белгілі журналист кәсіпкер Мухоряповтың үстінен прокуратураға шағымданды

Еске салсақ, кәсіпкердің мәдениет пен қазақ тіліне қатысты сөздері жұртшылықтың ашу-ызасын туғызған еді.

Серіктес жаңалықтары