Павлодар - Успен тас жолында көлік аударылып, зейнеткер қаза тапты
Жол-көлік оқиғасы Коряковка ауылының маңында болды
Павлодар - Успен тас жолында көлік аударылып, зейнеткер қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, сағат 15:30-да Павлодар – Успен автожолында 73 жастағы Toyota Alphard маркалы автокөлігінің жүргізушісі рөлді басқара алмай, кюветке аударылды.
«Жол-көлік оқиғасы салдарынан жүргізуші оқиға орнында қаза тапты», - деді департаментте.
Тағы бір жол апаты Кенжекөл – Ақсу автожолының «Ақжол» көпірінде тіркелді. 16 қазан күні сағат 11:20-да «ВАЗ 21014» маркалы автокөлігінің 22 жастағы жүргізушісі рөлді басқара алмай, металл қоршауға соғылды. Жол-көлік оқиғасы салдарынан жарақат алған жүргізуші ауруханаға жатқызылды.
Автокөліктер арнайы айып тұрағына қойылды. Тексеріс жүргізіліп жатыр.