Маңғыстауда 4 адам иіс тиіп қайтыс болды

Көз жұмғандардың үшеуі – балалар

Фото: ашық дереккөзден

Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданының Батыр ауылындағы бір отбасы мүшелері тұтастай уланып қалды. Үш бала мен олардың анасы оқиға орнында қаза тапты. Бұл туралы Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

Оқиға 13 ақпан күні болған. Сағат 17:42-де жедел жәрдем қызметіне шақырту жіберіліп, Батыр ауылындағы бір отбасы мүшелері уланып қалғаны жайлы хабарланған. Оқиға орнына үш жедел жәрдем қызметі барды. 1981 жылы туған әйел мен оның 2006, 2007 және 2018 жылдары дүниеге әкелген үш баласы оқиға орнында қаза тапты.

«1977 жылы туған ер адам мен тоғыз жастағы бала Маңғыстау облыстық ауруханаға және облыстық көпбейінді балалар ауруханасына жеткізілді. Екеуінің де жағдайы ауыр», - деп атап өтті өңірдің денсаулық сақтау басқармасының өкілдері.

Сұхбат
Түркиядағы қазақ журналисі шетел асқысы келетін жастарға кеңесін айтты
Нұр-Сұлтандық полиглоттың тіл үйретудегі құпиясы
«Сергек» қожайыны жоба туралы бар шындықты айтты