Түркістан облысында жоғалған ағайынды екі қыз көрші ауылдан табылды

Олар бұрын сол ауылда тұрған екен

фото: polisia.kz

Түлкібас аудандық полиция бөлімшесіне жергілікті тұрғын, жалғызбасты ана арызданып, 11 және 13 жастағы қыздарының мектепке кетіп, қайта оралмағанын хабарлаған. Мұндай ақпаратты Polisia.kz сайты жариялады. 

Түлкібас аудандық полиция бөлімшесінің қызметкерлері тез арада іздеуге кірісіп, оған мектеп мұғалімдері мен басқа да еріктілер тартылған. Күні-түні іздестіру жұмыстарының нәтижесінде кәмелетке толмаған ағайынды екі қыз тұрғылықты жерінен 25-30 шақырым қашықтықта орналасқан көрші ауылдағы көшелердің бірінде жүрген жерінен табылған. Олар бір жыл бұрын сол ауылдан көшіп келген екен. Оқушы қыздар сондағы достарын көру үшін жаяу барып, анасының анасының «азық-түлік ала кел» деп берген ақшасын жаратып жіберген.

«Сабақтан кейін үйге келмеген соң қыздарымды қатты уайымдап, полицейлерден көмек сұрадым. Ал, полицейлер оларды дін-аман күйінде тауып әкелді. Рахмет. Ең бастысы аманшылық болсын», -деп екі қыздың анасы алғысын айтты.

Сұхбат
Түркиядағы қазақ журналисі шетел асқысы келетін жастарға кеңесін айтты
Нұр-Сұлтандық полиглоттың тіл үйретудегі құпиясы
«Сергек» қожайыны жоба туралы бар шындықты айтты