$ 540.87  632.01  6.76
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
12.10.2022, 12:54
Оқиғалар

ШҚО-да пробациядағы 250-ге жуық адам қамалды

Облыстың пробация қызметінде мыңнан аса тұлға есепте тұр

ШҚО-да пробациядағы 250-ге жуық адам қамалды

Шығыс Қазақстан облысы бойынша пробация қызметінің қызметкерлері жыл басынан бері есепте тұрған 1400-ге жуық сотталғандардың тарапынан көптеген бұзушылықтарды анықтады, деп хабарлады Azattyq Ruhy Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Тізім бойынша 250-ге жуық есепте тұрған сотталғандарға қатысты бас бостандығынан айыру жазасын ауыстыру үшін материалдар жиналып, сотқа жіберілді. Сот шешімі негізінде сот залынан қамауға алынып, бас бостандығынан айыру орындарына жіберілді.

«Бұл адамдарға бұрын қызметкерлер жазаны өтеу шарттары бұзылған жағдайда бас бостандығынан айыруға жазаның жеңіл түрін алмастыра алатындығы туралы ескерткен. Алайда ескертулерге қарамастан, есепте тұрғандар жазаны өтеу шарттарын бұзуды жалғастырды. Қызметкерлер пробация қызметінде есепте тұрған адамдар арасында құқық бұзушылықтардың және жазаны өтеу шарттарының алдын алу және қоғамдық орындарда жасалатын қылмыстардың алдын алу бойынша тиісті жұмыстар атқарды», – деп атап өтті Солжағалау аудандық пробация қызметінің инспекторы Каим Ожиканов.

Серіктес жаңалықтары