$ 540.87  632.01  6.76
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
12.10.2022, 12:37
Оқиғалар

Талдықорғанда мас күйде төбелес шығарып, өзгені пышақтап кеткен ер адам ұсталды

Бүгінде қылмыстық тергеу амалдары басталды

Талдықорғанда мас күйде төбелес шығарып, өзгені пышақтап кеткен ер адам ұсталды
Фото: pixabay.com

Талдықорғандағы автобекетте мас күйде төбелес шығарып, өзгеге пышақ жарақатын салған күдікті ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, оқиға 11 қазанда болған.

«22 жастағы жігіт ауыр пышақ жарақатымен ауруханаға түсті. Оның қалалық автовокзал аумағында орналасқан кәуап орталығында жараланғаны анықталды. Оған мас адам шабуыл жасаған. Оқиға орнына жіберілген патрульдік полиция қызметкерлері құқық бұзушыны жедел-іздестіру шарасы барысында ұстады», - делінген ПД хабарламасында.

Мас күйде болған күдікті полиция бөліміне жеткізіліп, қамауға алынды.

Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру дерегі бойынша қылмыстық тергеу амалдары басталды.

Күдіктіден пышақ тәркіленіп, заттай айғақ ретінде іс материалдарына қоса тіркелді.

Серіктес жаңалықтары