$ 511.22  540.05  4.73
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
11.10.2022, 17:12
Оқиғалар

БҚО-да шартты түрде босатылған педофил колонияға қайта қамалды

Биылғы наурыз айында ол шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған, алайда өз міндеттерін орындамады

БҚО-да шартты түрде босатылған педофил колонияға қайта қамалды
Фото: ашық дереккөзден

Шартты түрде босатылған педофил колонияға қайта қамалды. Ер адам тіркелуге келмей, бірнеше рет әкімшілік жауапкершілікке тартылып, жазбаша ескертулерге мән бермеген, деп хабарлайды Azattyq Ruhy «Мой город» порталына сілтеме жасап.

БҚО облыстық сотының баспасөз қызметі хабарлағандай, 2020 жылы Жәнібек ауданының тұрғыны қарақшылық шабуыл жасағаны үшін үш жыл алты айға бас бостандығынан айырылған. Биылғы наурыз айында ол шартты түрде мерзімінен бұрын босатылды, бірақ өз міндеттерін орындамады.

«Сотталушы Жәнібек ПБ-ға тіркеуге келмеген, түн ішінде тұрғылықты мекенжайы бойынша үйінде болмаған, полиция қызметкерлерінің рұқсатынсыз Орал қаласына кетіп қалған, қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін екі рет әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Шартты түрде мерзімінен бұрын босатуды тоқтату туралы төрт рет жазбаша ескерту алғаны анықталды. Шартты түрде мерзімінен бұрын босатудың күшін жою туралы жазбаша хабарламадан кейін сотталғанның өз міндеттерін бірнеше рет орындамауы -қасақана заң бұзушылық»,- деп хабарлады облыстық соттан.

Сот құжаттарды зерделеу кезінде ер адамның бұрын жас балаларға сексуалдық зорлық-зомбылық жасағаны үшін сотталғандар тізімінде профилактикалық есепте тұрғанын анықтады.

Сонымен қатар аудандық полиция оған теріс анықтама жазған. Сотталушы мен оның қорғаушысының пікірін тыңдап, прокурордың қорытындысын ескере отырып, сот ұсынысты қанағаттандырып, ауыл тұрғынын колонияға қайтарды. Онда ол жазасының қалған мерзімін, яғни бір жыл жеті айды өтейді. Шешім заңды күшіне енді.

Серіктес жаңалықтары