$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
14.02.2020, 02:45
Оқиғалар

Павлодарда бір күнде 400-ден астам жүргізуші жол ережесін бұзған

Көлікпен келе жатып телефонмен сөйлескен жүргізушілер де жауапқа тартылды

Павлодарда бір күнде 400-ден астам жүргізуші жол ережесін бұзған

«Қауіпсіз жол» жедел алдын алу іс-шарасы 2020 жылдың 14 ақпанына дейін жалғасады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.

Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, жылдамдықты арттырғаны үшін 30 тәртіп бұзушылық, қауіпсіздік белдігін тақпаған 54 жүргізуші тіркелген. Сондай-ақ, автокөлікті басқару кезінде телефонмен сөйлескен 40 жүргізуші және жаяу жүргіншіні өткізбеген 40 жүргізуші жауапқа тартылды.

«Тереңкөл ауылында полиция қызметкерлері «ВАЗ» автокөлігін тоқтатып, құжаттарын тексеру кезінде ауыл тұрғынының жүргізуші куәлігі жоқ екенін анықтады. Кейін ер адамның жүргізуші күәлігінің мүлдем болмағаны анықталды. Жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБК 612-бабы бойынша әкімшілік іс қозғалды. Автокөлік айып тұрағына қойылды», - деді баспасөз қызметінде.

Мас күйінде рөлге отырған 4 жүргізуші тіркелді. 12 ақпанда Екібастұзда 30 жастағы жүргізуші басқарған «ВАЗ» маркалы автокөлігі ұсталды. Тексеру кезінде тәртіп сақшылары жүргізушінің мас екенін анықтады. Жүргізуші ҚР ӘҚБК 608-бабы бойынша жауапкершілікке тартылды. Сот шешімі бойынша 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

Полиция қызметкерлері жүргізушілерден жол ережесін сақтауды өтінеді.

Серіктес жаңалықтары