Ақтөбе облысында жол-көлік апатынан екі адам қаза тапты
Қазір аталған дерекке қатысты тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр

Ақтөбе облысында қайғылы жол апатынан екі адам қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, оқиға 9 қазан күні сағат 10.00 шамасында Ақтөбе-Астрахань тасжолында болған.
«Алға ауданына қарасты Тамды ауылы маңында «УАЗ Патриот» көлігінің 61 жастағы жүргізушісі Lada Largus көлігін айналып өтпек болған. Алайда қарсы жолаққа шығып үлгерместен, Lada Largus көлігіне соқтығысып, соның салдарынан ол көліктің екі жолаушысы алған жарақатынан көз жұмды», - делінген ақпаратта.
Полиция хабарлағандай, жолдың оқиға болған бөлігінде жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан. Жақын жерде тиісті белгілер мен қоршаулар болған.
Қазір аталған дерекке қатысты тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.