Алматы облысында бір тәулікте 12 мас жүргізуші ұсталды
Көлік жүргізу куәлігінсіз жүрген 43 адам анықталған
Алматы облысында бір тәулікте масаң болып көлік тізгіндеген 12 жүргізуші ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
«Қауіпсіз жол» жедел алдын алу іс-шарасын өткізген облыстық полицейлер жол ережесін бұзудың 938 дерегін тіркеген. Оның ішінде 12 жүргізуші масаң күйде көлік басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
«Көлік жүргізуге құқы болмаса да, темір тұлпар тізгіндеген тұлғаларға 43 әкімшілік хаттама толтырылды. Сондай-ақ, 86 жүргізуші жылдамдықты асырғаны үшін, 97 тұлға қауіпсіздік белдігін тақпағаны үшін, ал 43 көлік жолда жүру ережесін сақтамағаны үшін айыппұл арқалады. Жаяу жүргіншілерге берілген басымдықты ескермеген 29 жүргізуші мен рұқсат етілмеген жерге жолды қиып өткен 135 жүргінші әкімшілік жазасын алды», - дейді облыстық ПД баспасөз қызметінен.
Алматы облысының Полиция департаменті жол қозғалысының қатысушыларын жолда жүру ережесін бұзбауға, жолда мұқият болуға, өзара құрмет көрсетіп, жылдамдық тәртібін қатаң сақтауға шақырады.
Әмірболат Құсайын, Алматы