Алматыда әскери оқу орнының курсанты өлі табылды

Әскери институт курсантының өліміне қатысты тергеу жұмыстары басталды

Фото: Тengrinews.kz

ҚР Қорғаныс министрлігіне қарасты Құрлық әскерлерінің Әскери институты курсантының денесі оқу орнының аумағынан табылған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.    

Курсант 2019 жылдың 23 желтоқсанында қайтыс болған екен.   

«ҚР ІІМ әскери-тергеу басқармасы қазіргі таңда Құрлық әскерлерінің Әскери институты курсантының өлімі дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр», – делінген баспасөз қызметінен.   

Қылмыстық істің тергеу жұмыстарына қатысты өзге деректерді тергеу органдары қазірше жария еткен жоқ. 

Белгілісі, қазіргі уақытта курсант өліміне қатысы болуы мүмкін азамат Алматыда қолға түскен. 

Тергеу сотының қаулысымен, күдіктіні екі айға қамауға алу туралы санкция  шығарылған.

Загрузка новостей...
Сұхбат
Нұр-Сұлтандық полиглоттың тіл үйретудегі құпиясы
«Сергек» қожайыны жоба туралы бар шындықты айтты
Қазақстан ЖОО-ларында 17 мыңға жуық Өзбекстан азаматы білім алып жүр