Шымкентте дәмханаға келген ер адамға оқ атқан күдіктілер іздестіріліп жатыр
Жараланған азамат жансақтау бөлімінде жатыр
Шымкентте дәмхағана келген тұтынушыға оқ атқант күдіктіге іздеу жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«7 қазанда сағат 04:30 шамасында Әл-Фараби АПБ-на қалалық ауруханаға оқ жарақатымен ер адам жеткізілгені туралы хабарлама келіп түсті. Аталған дерек ҚР Қылмыстық крдексінің 24-бабы 3-бөлігі 99-бабы “Адам өлтіруге оқталу" бойынша СДТТБТ-не тіркелді», - делінген қалалық ПД хабарламасында.
Тергеу барысында кафелердің бірінде белгісіз тұлғалар қарудан оқ атып, келушіні жарақаттап, оқиға орнынан бой тасалағаны анықталды. Жараланған ер азамат жансақтау бөлімінде жатыр.
«Жедел-іздестіру шараларының барысында полицейлер ВАЗ-21014 автокөлігін анықтап, оның салонынан екі қару тапты. Қазіргі уақытта күдіктілерді ұстау бойынша іс-шаралар жүргізіліп жатыр», - делінген хабарламада.