04.10.2022, 09:41
Оқиғалар
Екібастұзда ер адам өзімен ажырасқысы келген әйелінің пәтерін өртемек болды
Оқиға 24 қыркүйекте болған
Екібастұзда ер адам өзімен ажырасқысы келген әйелінің пәтерін өртемек болды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Оқиға 24 қыркүйек күні сағат 05:00-де болған.
Павлолар облысы полиция департаментінің мәлімдеуінше, 38 жастағы әйелдің пәтеріндегі балконнан өрт шығып, мүлкі бүлінген.
Өртті ТЖБ қызметкерлері сөндірді.
«Қаскүнем анықталды. Ол пәтер иесінің 44 жастағы жұбайы болып шықты. Олар 2020 жылдың желтоқсанында үйленген. Қазір ажырасу процесінде», - делінген хабарламада.
Тексеру басталды. Аталған факті бойынша қолданыстағы заңнама шеңберінде процестік шешім қабылданады.
Көп оқылған
06.11.2026, 15:30
«Қарызым 150 млн еді»: 1 млрд теңгеден аса ақша жинаған Бадықованың жаңа күйеуі сырын жайып салды (ВИДЕО)
06.11.2026, 15:34
Немересін танымайды, қазір ішкен тамағын қазір ұмытады: Астанада деменция белгілері бар қарттарға арналған балабақша ашылды
06.11.2026, 12:43
Ақтөбеде ер адамның экс-әйелін өлтіріп кеткені туралы ақпарат тарады
06.11.2026, 16:58
«Қуанып отыр»: Олжас Абай анасының Бадықованы келін ретінде қалай қабылдағанын айтты (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды