$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
13.02.2020, 09:15
Оқиғалар

Ақмола облысында үй өртеніп бір отбасы түгелдей жанып кетті

Өрт сөндірушілердің айтуынша, қызыл жалынның жылдам өршуіне үйдің сабаннан соғылғаны да себеп болған

Ақмола облысында үй өртеніп бір отбасы түгелдей жанып кетті
Фото: ашық дереккөзден

Ақмола облысындағы Покровка ауылында үй өртеніп, бір отбасы мүшелері тірідей жанып кетті. Көз жұмғандардың біреуі – үш жасар бала. Өрт сөндірушілер ауылға жеткенше, үйдің шаңырағы ортасына түскен, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

«Ауыл әкімі құтқару қызметіне қоңырау шалған. Өрт сөндірушілер келгенде үй толық отқа оранып, шатыры ортасына құлап түсті. Аумағы – 150 шаршы метр. Өрт толық сөндірілгеннен кейін үйінді астынан үй иелерінің және кішкентай баланың денесі табылды», - дейді Ақмола облыстық ТЖД басқарма бастығы Денис Шелкоплясов.

Кешке тұтанып, артынан күшіне мінген өрт туралы көршілес ағайындарының бірі байқап әкімге хабарлапты. Хабар жетісімен жолға шыққан құтқару қызметі 47-41 жастағы ерлі-зайыпты мен оның үш жасар баласын құтқара алмады. «Өрттің тым жылдам өршуіне үйдің сабаннан соғылғаны да себеп болды», дейді өрт сөндірушілер. Әзірге оттың неден тұтанғаны белгісіз. Белгілісі, ерлі-зайыпты екеуі талай рет арақ ішіп, жанжалдасуымен көзге түскен. Құқық қорғау органының қызметкерлері бірнеше рет профилактикалық кеңес өткізіп, ескерту де жасапты.

Серіктес жаңалықтары