Ақтөбе облысында жеке тұрғын үй өртеніп, 4 адам ауыр халде ауруханаға жеткізілді
Өрт түнгі сағат 2.15 шамасында сөндірілді
Ақтөбе облысында жеке үйде болған өрттен төрт адам ауыр халде ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Облыстық ТЖД хабарламасына сәйкес, 30 қыркүйекте сағат 01.16-да жеке үйден өр шққаны туралы хабарлама түскен.
«Хромтау қаласындағы Целинная көшесі, No36 үйдің ауласындағы гараж жалғастырып салынған шағын үйден өрт шыққан. Өрттен зардап шеккен төрт адам термиялық күйікпен орталық аудандық аурухананың жансақтау бөліміне жатқызылды, бәрінің жағдайы ауыр», - делінгенр ТЖД хабарламасында.
Өрт кезінде үйдің гаражында тұрған Toyota Camry көлігі жанып кеткен. Өрт түнгі сағат 2.15 шамасында сөндірілді.
«Қазіргі кезде өрттің шығу себебі анықталып жатыр. Құтқарушылардың күшімен жеке тұрған үй өрттен аман қалды. Құтқарушылар гараждан сыйымдылығы 50 литрлік газ толы тұрмыстық баллонды шығарды», - делінген хабарламада.
Куәгерлердің айтуынша, өрт шыққан шағынр үйдегі екі адамды құтқармақ болған кезде үй иесі мен оның ұлы да зардап шеккен. Төртеуі де ауруханаға жеткізілді.