30.09.2022, 09:35
Оқиғалар
Көкшетауда дәмханада екі әйел төбелесіп қалды
“Бұзақылық” бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды
Фото: ашық дереккөзден
Көкшетауда дәмханада екі әйел төбелесіп қалды, деп хабарлайды Polisia.kz.
28 қыркүйек Көкшетау қаласының Полиция басқармасына 41 жастағы жергілікті тұрғынның сағат 03:00 шамасында белгісіз әйел оған дене жарақатын салғаны туралы өтініші келіп түсті. Өтініш беруші – дәмхананы жалға алушы. Ол бейтаныс әйелдер келген кезде мекемеде болған. Олардың бірі би алаңында жанжал кезінде оның мойын мен бас аймағына дене жарақатын салған.
Құқық бұзушының жеке басы анықталды. Ол облыс орталығының 40 жастағы тұрғыны болып шықты. Көкшетау қаласы Полиция басқармасының анықтаушылары ҚР ҚК 293-бабы 1-бөлігі “Бұзақылық” бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.
Көп оқылған
13.11.2026, 14:56
Қазақстандық тур компаниялар Меккедегі қазақ қызын алдап, миллиондаған қарызға батырған
13.11.2026, 09:55
Ант қабылдап тұрған сарбаз есінен танып қалды ма: желіде тараған видеоның мән-жайы белгілі болды
13.11.2026, 15:18
«Біздің қас жауымыз»: Тоқаев Қазақстанда жымысқы әрекет ойлап жүргендердің «құпиясын» жайып салды
