$ 503.42  542.08  6
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
29.09.2022, 10:26
Оқиғалар

Қырғызстанның Білім министрі ірі көлемде пара алды деген күдікпен ұсталды

Бұл туралы елдің Ішкі істер министрлігі хабарлады

Қырғызстанның Білім министрі ірі көлемде пара алды деген күдікпен ұсталды
© Sputnik

Бішкекте Қырғызстанның Білім және ғылым министрі Алмазбек Бейшеналиев ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Елдің ішкі істер министрлігінің мәліметінше, шененік ірі көлемде пара алып жатқан сәтінде ұсталған.

«Аса ірі көлемде пара алу фактісі бойынша тергеліп жатқан қылмыстық іс аясында жедел-іздестіру шаралары жүргізілді. Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері Қырғыз Республикасының Білім және ғылым министрі А.Б.-ны пара алу кезінде ұстады. Қазіргі уақытта шетелдік студенттерді отандық жоғары оқу орындарына қабылдау кезінде аса ірі көлемде (110 мың АҚШ доллары) пара алу фактісі бойынша тергеу жүріп жатыр», - делінген қырғыз елінің ІІМ хабарламасында.

Толығырақ ақпарат қылмыстық істі одан әрі тергеу нәтижелері бойынша берілетіні көрсетілген.

Айта кетсек, 41 жастағы Алмазбек Бейшеналиев Қырғыз Республикасының Білім және ғылым министрі болып екі рет – 2020 жылы және 2022 жылдың ақпанында тағайындалған. Арасында (2021 жылдың тамызынан 2022 жылдың ақпанына дейін) Қырғызстанның Швейцария Конфедерациясындағы дипломатиялық миссиясының басшысы болды.

Серіктес жаңалықтары