200 мың тг пара алған шенеунікке 6 млн тг айыппұл салынды
Аудан әкімінің орынбасары лауазымды қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айырылды
Бұл туралы Azattyq Rýhy Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
"Қарағанды облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі пара алған Жаңаарқа ауданы әкімінің бірінші орынбасары – жер комиссиясының төрағасы Б.Қ.Серіковке қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады. Ол жеке тұлғалардың пайдалануына жатпайтын қосымша жер учаскесін жалға беру туралы оң шешім қабылдағаны үшін азаматтан 200 мың теңге сомасында пара алды деген күдікке ілінген болатын. Биыл 7 қазанда Жаңаарқа аудандық сотының үкімімен Б.Қ. Серіков пара алғаны үшін кінәлі деп танылып, оған 6 млн. теңге көлемінде айыппұл салынды", - делінген хабарламада.
Сотталушы мемлекеттік қызметте лауазымды қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айырылды.