$ 509.51  570.6  6.3
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
08.10.2019, 15:17
Оқиғалар

Шымкентте төрт айлық сәби шеге жұтып қойды

Қалалық балалар клиникалық ауруханасының дәрігерлері сәбидің асқазанынан темір шегелерді алып шықты

Шымкентте төрт айлық сәби шеге жұтып қойды
Фото: Шымкент қаласы Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінен

Шымкентте дәрігерлер шеге жұтып қойған төрт айлық сәбидің өмірін аман алып қалды, - деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі қалалық денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап. 

Дәрігерлердің айтуынша, сәбидің ата-анасы баланың буындары ауырып жатыр деп ақ халаттылардың көмегіне жүгінген.

«Алайда ортопед дәрігер рентген суретінен баланың асқазан-ішек жолдарында тұрған темір затты көрген. Және сәбиге жедел түрде операция жасалды. Себебі, шегелер асқазан-ішек жолдарына зақым келтіруі мүмкін еді», - дейді Денсаулық сақтау басқармасындағылар.

Сәтті өткен операциядан соң баланың беті бері қарап, бір аптадан соң үйіне шығарылды.

Отаны Қалалық балалар ауруханасының білікті дәрігерлері – Сарыбай Сұлтанғали, Жақсылық Амантаев және Асанбай Құрманәлиев жасаған.

Баланың ата-анасының айтуынша, ол шегемен ойнап отырып байқаусызда жұтып қойған. Қазір төрт айлық сәбидің өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.

Серіктес жаңалықтары