$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
22.09.2022, 10:21
Оқиғалар

Атырау облысында қамыс өрті әлі сөндіріліп жатыр

Өрт ошағына тікұшақпен 66 мәрте су шашылған

 

Атырау облысында қамыс өрті әлі сөндіріліп жатыр

Атырау облысында Каспий теңізінің жағалауында 16 қыркүйекте басталған қамыс өртін сөндіру жұмыстары әлі жалғасып жатыр, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, өрт ошағына тікұшақпен 66 мәрте су шашылған.

«7 гектар аумаққа тарап кеткен қамыс өртін теңіз жағалауындағы батпаққа байланысты сөндіру мүмкін болмады. Сол себептен, «ҚазАвиаҚұтқару» АҚ-ның МИ-8 ВСУ-5 тікұшағымен әуеден су шашуға шешім қабылданды. Қамыс өртіне 21 қыркүйекте күндіз тікұшақтың су шашу құрылғысымен әуеден 33 мәрте су төгілді. Соның нәтижесінде қамыс өртінің бір ошағы, шамамен 400 шаршы метр аумақтағы жалын сөндірілді. Ал кешке дейін әуеден 66 рет су шашылып, 3 гектардағы өрт сөндірілді», - делінген ТЖД хабарламасында. 

Тақырыпқа орай: Атырау облысындағы өртті сөндіруге тікұшақ жұмылдырылды

Су тікұшақпен қамыс өртінің ошағынан 1,5-2 шақырым қашықта жатқан көлден алынып жатыр.

Өртті ауыздықтауға ТЖД 33 қызметкері мен 7 техника жұмылдырылған. 

Серіктес жаңалықтары