$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
21.09.2022, 12:33
Оқиғалар

Атырауда 8 айдың ішінде сегіз қыз суицид жасамақ болған

Өткен жылы екі ұл мен екі қыз өз-өзіне қол жұмсаған          

Атырауда 8 айдың ішінде сегіз қыз суицид жасамақ болған
Фото: ашық дереккөзден

Биыл Атырауда 8 айдың ішінде сегіз қыз өзіне қол жұмсамақ болған. Бұл туралы облыс әкімдігі жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның отырысында айтылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy ATPress.kz-ке сілтеме жасап.

Атырау облысы Полиция департаментінің Жергілікті полиция қызметі басқармасы берген мәлімет бойынша, биыл 8 айда сегіз қыз суицид жасамақ болған. Өкінішке қарай, бір ұл өзіне қол жұмсап үлгерген. Ал өткен жылы екі ұл мен екі қыз өз-өзіне қол жұмсаған. 

Комиссия отырысына қатысушылардың айтуынша, өзіне қол салу әрекеттеріне отбасындағы және мектептегі мәселелер түрткі болады. Әсіресе, 13-17 жас аралығындағы жасөспірімдер өте әсершіл, кез-келген нәрсені жүрегіне жақын қабылдайды. Осындай жағдайларға бей-жай қарамай, психологтың көмегіне жүгіну арқылы көптеген проблеманың алдын-алуға болады. Сонымен қатар, ата-ана да өз баласына көп уақыт бөлуі тиіс.

Серіктес жаңалықтары