$ 499.51  525.83  4.62
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
19.09.2022, 13:55
Оқиғалар

ШҚО-да қоймашы 5,6 млн теңгенің минералды суын ұрлады деген күдікке ілінді

40 жастағы қоймашыға қатысты қылмыстық іс қозғалды

ШҚО-да қоймашы 5,6 млн теңгенің минералды суын ұрлады деген күдікке ілінді
Фото: ашық дереккөзден

ШҚО-да қоймашы сомасы 5 млн теңгеден асатын минералды суды жымқырды деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Semeynews.kz-ке сілтеме жасап.  

ШҚО ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, Өскемен қаласы ПБ Үлбі полиция бөлімінің «102» жедел арнасына қаладағы ЖШС бірінің өкілінен өтініш келіп түскен. Ер адам тауарларға түгендеу жүргізу кезінде 34 945 бөтелке минералды судың жетіспейтінін анықтаған, оған 40 жастағы қоймашы жауапты болған. Күдіктінің іс-әрекетінен келтірілген залал шамамен 5 600 000 теңге сомасына бағаланған.

Қазіргі уақытта қылмыстық іс бойынша дәлелдемелерді жинауға және тексеруге бағытталған барлық қажетті тергеу іс-әрекеттері жүргізілуде. Күдіктіге қатысты процестік мәжбүрлеу шарасы – келу міндеттемесі таңдалды.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 189-бабы 3-бөлігі (сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемденіп алу немесе талан-таражға салу)бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Серіктес жаңалықтары