Павлодарда дәнекерлеуші автомұнарадан құлап кетті

Azattyq Rýhy

Жазатайым оқиға Новоямышево ауылының шетіндегі ЖШС бірінде болды

Павлодарда дәнекерлеуші автомұнарадан құлап кетті
Фото: ашық дереккөзден

Павлодарда дәнекерлеуші автомұнарадан құлап кетті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, сағат 17:15-те 40 жастағы дәнекерлеуші дәнекерлеу жұмыстарын жүргізу кезінде екі метрлік автомұнарадан құлап кеткен. 

«Жарақат алған ер адам Павлодар қаласының ауруханасына жатқызылды», -  деді баспасөз қызметінде.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының ақпараты бойынша, зардап шеккен ер адамда жабық бас сүйек жарақаты, бас миының шайқалуы, кеуде қуысының жабық жарақаты тіркелген. Сондай-ақ оң жақтағы екінші және төртінші  қабырғалары, оң жақ жауырыны сынған, екі тізе буынының оң жақ буынында гематомалар бар.

Еңбек басқармасында  аталған жағдайға байланысты тексеру басталғанын хабарлады.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.