$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
19.09.2022, 09:32
Оқиғалар

Павлодар облысында автобус аударылып, екі бала қаза тапты

Сондай-ақ 9 адам ауруханаға жеткізілді

Павлодар облысында автобус аударылып, екі бала қаза тапты
Фото: polisia.kz

Павлодар облысында жантүршігерлік жол-көлік апаты болып, екі бала қаза тапты. Сондай-ақ тоғыз адам ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, қайғылы оқиға туралы хабарлама «103» пультіне сағат 00:29-да түскен. Елордадан Өскеменге бет алған жолаушылар автобусы шұңқырға құлап кеткен.

«Оқиға орнына үш жедел жәрдем көлігі мен апаттар медицинасы орталығының бір бригадасы жіберілді. Бірінші болып  Қалқаман ауылынан жеткен жедел жәрдем науқастарды қарады. Өкінішке қарай, алты және 14 жастағы екі бала дәрігерлер келгенге дейін қайтыс болды. Зардап шеккен тағы 9 адамға – бір жастан 12 жасқа дейінгі төрт бала мен 31 мен 66 жас аралығындағы бес ересек адамға оқиға орнында көмек көрсетілді», - деп хабарлады ПД баспасөз қызметінде.

Түрлі жарақат алған балалар облыстық балалар ауруханасына, ал ересектер Павлодар қалалық № 1 ауруханаға жеткізілді. Екі аурухананың қабылдау бөлімдеріне науқастардың көптігі туралы алдын ала хабарланған.

Серіктес жаңалықтары