Маңғыстау ауданының әкімі атышулы видеодан кейін қызметінен кетті
Оның орнына Ғалымжан Ниязов тағайындалды
Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданының әкімі Тілек Көшмағанбетов күзетшінің соққыға жығылуына байланысты оқиғадан кейін өз еркімен қызметінен кетті. Оның орнына таяуда ғана «қызмет бабын асыра пайдалану» бабы бойынша қозғалған қылмыстық іс бойынша айыптан босатылған Ғалымжан Ниязов тағайындалды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Облыстық Lada.kz басылымы жариялағандай, Маңғыстау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі Маңғыстау облысының бұрынғы әкімі Тілек Қошмағанбетовтің қызметінен кету туралы арыз жазғанын ресми растаған. Аймақ басшысы Нұрлан Ноғаев Тілек Көшмағамбетовке атқарған жұмысы үшін алғысын білдірген.
Сондай-ақ Ноғаев депутаттарға жаңа әкімді – ҚР Президенті Әкімшілігімен келісіліп тағайындалған Ғалымжан Ниязовтың кандидатурасын ұсынған. Депутаттар ұсынылған кандидатураны мақұлдады.
Ауданның жаңа әкімі болып тағайындалған Ғалымжан Ниязовқа қатысты бұған дейін қозғалған қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланды деген іс тоқтатылған болатын. Қаңтар оқиғасынан кейін ол Энергетика министрлігіне хат жолдап, меморандумның күшін жоюды және сұйытылған газ бағасын төменгі және жоғарғы шегіне дейін шектеусіз сатуды сұрады деген айыппен қамауға алынған еді. Болжам бойынша, оның дәл сол шешімі жанармай бағасының күрт өсуіне әкеліп соққан делінді.
Тақырыпқа орай: Жақында ғана қызметіне оралған Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары қайта қамалды
Айта кетсек, жақында әлеуметтік желіде күзетшіні ұрып-соғып жатқан видео пайда болған еді. Саясаттанушы Ербол Еділов Телеграм-каналында ұрып-соғу оқиғасынан кейін Маңғыстау облысының әкімі қызметінен босатылатынын хабарлады. Тілек Көшмағамбетовтің өзі Facebook-тегі парақшасында қызметінен босатылуына байланысты пікір білдіріп, денсаулығына байланысты жұмыстан кетіп жатқанын атап өтті.
Суретте: Тілек Көшмағамбетов
«Маған қатысты алып-қашпа әңгімелерге алаңдаушылық білдіріп, қолдау көрсетіп жатқандарыңызға рахмет айтамын. Мен денсаулығыма байланысты жұмыстан босатуды сұрап өтініш жаздым. Мұндай ұйғарымға бір күнде келген жоқпын. Бұл қзақ уақыт ойланып қабылдаған өз шешімім. Сондықтан да ардақты ағайын, дос, бауырлар, баршаңызды сабыр сақтап, түсіністік танытуға және шешіміме құрметпен қарауға шақырамын. Бұйырса денсаулық түзеліп, сәті келіп жатса елге қызмет етуден қашпаймыз. Осы жылдары маған қолдау көрсетіп, өңірдің дамуына бірлесе атсалысқан әріптестеріме, азаматтарға алғыс айтқым келеді», - дейді ол.
Ал Ербол Еділовтің таратқан жазбасына қатысты алдағы уақытта ақ-қарасы айқындала жатарына сенімді екенін жазды.