$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
16.09.2022, 14:18
Оқиғалар

Түркістан облысында екі тұрғыннан 12,5 келіден астам есірткі тәркіленді

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу басталды

Түркістан облысында екі тұрғыннан 12,5 келіден астам есірткі тәркіленді

Көлік полицейлері Түркістан облысының тұрғындарынан 12,5 кг-нан астам «марихуана» есірткі затын тәркіледі, деп хабарлайды  Azattyq Ruhy.

Көлік полицейлері «Дәрмек» жедел-алдын алу іс-шарасын жүргізу барысында қызметтік-іздестіру итін қолдана отырып, Жамбыл облысы Меркі ауданы Қарасу ауылының теміржол өткелінде Өзбекстан Республикасының 2 тумасы мен 35 жастағы жүргізушінің басқаруындағы автокөлікті анықтап, ұстады. Автокөлік жүксалғышынан рюкзактарға салынған, спецификалық иісі бар өсімдік тектес зат анықталып, тәркіленді. Бұл туралы Көліктегі полиция департаменті бастығының орынбасары Ерлан Жалмағамбет айтты.

Оның айтуынша, сараптама қорытындысына сәйкес алынған зат жалпы салмағы 12,7 кг құрайтын «кептірілмеген марихуана» есірткісі екені анықталды.

«Аталған факт бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 296-бабының 4-бөлігі, яғни аса ірі мөлшерде есірткі заттарын заңсыз сақтау бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Ұсталғандар Тараз қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалды», - деді Е.Жалмағамбет.

Еске сала кетейік, «Дәрмек» жедел алдын алу іс-шарасын өткізу кезінде 14 есірткі қылмысы тіркелді. Заңсыз айналымнан 17,5 кг астам түрлі есірткі құралдары тәркіленді.

Серіктес жаңалықтары