Алматыда жезөкшелер үйі анықталды
Әкімшілер мен салонда массажист болып жұмыс істейтін тағы 20 қыз ұсталды
Алматыда тағы бір жезөкшелер үйі анықталды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
“Stop-трафик” жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында полиция қызметкерлері Алматы қаласының Медеу ауданында орналасқан боди-массаж салонын анықтады. Үш қабатты коттеджде 15 бөлме мен сауна бар. Мекемедегі жұмыс барысын екі әкімші бақылап отырды.
«Әкімшілер мен салонда массажист болып жұмыс істейтін тағы 20 қыз ұсталды. Олардың жасы 20-28 жас аралығында. Бұл мекеменің “қызметкерлері” Қазақстанның басқа аймақтарынан келген қонақтар. Олардың жеке басы басқа да бір құқық бұзушылыққа қатысы бар-жоғына тексерілуде. Медеу аудандық полиция Басқармасымен ҚР ӘҚбК-нің 450-бабына сәйкес әкімшілік іс материалдары жинақталды. Көрсетілген салонның иесі де анықталды – ол 34 жастағы Ж.есімді азамат болып шықты. Ол да жауапқа тартылды», – деді Алматы қалалық ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының бастығы Жанат Нұрғалиев.