$ 518.31  567.96  6.03
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
13.09.2022, 10:40
Оқиғалар

Шымкентте жүк көлігі қағып кеткен әйел қаза тапты

Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр 

Шымкентте жүк көлігі қағып кеткен әйел қаза тапты
Фото: kolesa.kz

Шымкентте жүк көлігі велосипедтегі әйелді қағып кетті, жәбірленуші оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy ОТЫРАРға сілтеме жасап.          

«Шұғыл шақырылым» бағдарламасының тілшісі хабарлағандай, қайғылы оқиға 12 қыркүйекте сағат 19:00-де Тәуке хан даңғылы бойында, «Фиркан Сити» СО маңында болған.    

Шымкент қаласының 50 жастағы тұрғыны велосипедпен жолда келе жатқан. Жол бойында қатарласып жүріп келе жатқан жүк көлігі кенет велосипед мінген әйелді қағып кеткен. Ауыр жарақат алған жәбірленуші оқиға орнында қайтыс болды.

38 жастағы көлік жүргізуші велосипедтегі әйелді байқамағанын айтады. Жүк көлігінің жүргізушісі Қарағанды облысының тұрғыны екені белгілі болды.

Болған жайттың мән-жайы анықталып жатыр.

Серіктес жаңалықтары