$ 518.31  567.96  6.03
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
13.09.2022, 09:49
Оқиғалар

Көкшетау мен Петропавлда 18,5 млн теңгенің заңсыз алкоголь өнімдері тәркіленді

Заңсыз өндірілген спиртті сұйықтықтың жалпы көлемі 9,5 тонна болған

Көкшетау мен Петропавлда 18,5 млн теңгенің заңсыз алкоголь өнімдері тәркіленді
Фото: ашық дереккөзден

Еліміздің солтүстік аймағынан 10 тоннаға жуық заңсыз алкоголь өнімдері табылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Қаржы мониторингі агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті Мемлекеттік кірістер департаментімен бірлесіп жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарының аумағында тиісті құжаттарысыз қомақты көлемде алкоголь өнімін одан әрі өткізу мақсатында заңсыз тасымалдау және сақтау әрекеттерінің жолын кесті.

«Көкшетау және Петропавл қалаларының аумағында жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижелері бойынша жалпы көлемі 9,5 тонна спирті бар сұйықтық, бос пластик ыдыстар, дайын алкоголь өнімі табылып, тәркіленді», - делінген ведомство хабарламасында.

Құрамында спирті бар сұйықтықтың жалпы құны 18,5 миллион теңгеден асады.

«ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесіндегі өзге де мәліметтер жария етілуге жатпайды», - делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары